Астананың 20 жылдығына орай өткен «Астана - достық шаңырағы» облыстық форумы

27 Қыркүйек 2018, 08:19 1837

27 қыркүйек күні  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында облыстық өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – достық шаңырағы» облыстық форумы өтті.

Аталған шарада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің  төрағалары мен белсенділері, облыстық Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері мен ардагерлер ұйымдары, облыстық Сүйінбай атындағы филармониясы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасы мен  ғылыми-сарапшылық  тобының мүшелері қатысты.

Форумда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, жетекші журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті, өзбек ЭМБ белсендісі Суннатилла Камолиддинов, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрайымы Аида Алимбердиева сөз сөйледі. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бөлісу: