Астаналықтарға 5 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді

30 Мамыр 2023, 21:47 916

Астаналықтар 5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» елордалық филиалы мәлім етті.

2023 жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша Астана қаласында 127 791 пациент 319 007 тегін рецепт бойынша 4 млрд 950 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген.

Оның ішінде: тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде 4,5 млрд теңге сомасына 290 488 тегін рецепт бойынша 115 973 пациент, МӘМС есебінен 319,1 млн теңге сомасына 20 531 тегін рецепт бойынша 13 288 ересек пациенттер мен 129,3 млн теңгеге  5397 бала 7988 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алғаны белгілі болды.

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 738 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1834 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 270 бала; Рахит ауруымен 68 бала; Пневмониямен 322 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 108 бала. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалы директорының орынбасары С. Болысбекова.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында барлық қажетті дәрілер бар.

Берік Арманов
Бөлісу: