Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Михаил Шайдоров елге оралды. Спортшыны астаналықтар халықаралық әуежайда салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жанкүйерлерімен кездескен отандасымыз өзінің жеңісі туралы ойымен бөлісті.
Шынымды айтсам, Төрт құрлық чемпионатында 1-орын алатынымды күтпедім. Иә, жүлделі орынға таласуға мүмкіндігім болды. Бірақ марқұм Денис Тен чемпион болған елде, спорт сарайында жетістікті қайталау керемет эмоция сыйлады. Жеңімпаз екенімді әлі толық сезінбедім. Қысқы Азия ойындары мен Төрт құрлық чемпионатының арасы өте жақын болды. Енді аздап тынығып, әлем чемпионатына дайындалуға кірісемін, - деді Михаил Шайдоров.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров араға 10 жыл салып Төрт құрлық чемпионатынан ел тарихындағы екінші алтынды жеңіп алды. Сондай-ақ, IX қысқы Азия ойындарында да жүлделі үштікке кірген болатын.