Астаналықтар Медициналық сақтандыру қорына 4 мыңнан аса шағым түсірген

9 Ақпан 2023, 14:37 1376

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өткен жылы азаматтардан түскен өтініш-шағымдар бойынша қорытынды жасады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ елорда филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалына 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында 7751 өтініш түскен.  Оның ішінде: шағымдар - 4348, жеңілдігі бар санат бойынша уақытша сақтандырылған мәртебесін беру бойынша - 2667; шағын және орта бизнес үшін сақтандыру мәртебесін түзету бойынша – 208; алғыс - 530. Барлық шағымдар Қор Басқармасының шешімімен бекітілген Медициналық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес қаралды. 

Медициналық сақтандыру қорының негізгі басымдықтарының бірі – пациент  құқығын қорғау. Сол себепті тұрғындар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда  Қорға жазып, хабарласады.  Түскен шағым-өтініштер ерекше бақылауда болады.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша, 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында астаналықтардан  7751 өтініш түсіп, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін қарады.

«Көбінесе азаматтар медициналық қызметтердің қолжетімсіздігіне шағымданады: салалық бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер, учаскелік қызметтің (жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт-дәрігер, педиатр қабылдауын ұзақ күту, жедел жәрдем бригадасын ұзақ күту (31,8%). Екінші орында – медициналық көмек сапасының төмендігі (30,4%). Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетуден бас тарту (5,3%), медициналық көмекті ұйымдастыру (4,9%), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тарту (4,3%), медициналық әдеп/этика мен деонтологияның бұзылуы (4,3%), көрсетілмеген қызметтер бойынша жалған жазбалар – медициналық ұйымның ақпараттық жүйелеріндегі сенімсіз ақпарат (3%). Шағымдар негізінде өткен жылы 200-ден аса  жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Жүргізілген жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша 155 кемшілік анықталды», - деп атап өтті ӘМСҚ елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

EL.KZ
Бөлісу: