Астаналық жігіт шақырту орнына келген фельдшерге шабуыл жасады

2 Маусым, 23:53 1431

Астанада шақырту орнына келген медицина қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған ер кісі ұсталды. Оқиға өткен түнде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде ер адам мас болған және медицина қызметкерлерін балағаттаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жапқан. Кейін іште оны пышақпен қорқытқан. 

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полицейлер агрессорды дереу ұстап, полиция басқармасына жеткізген. Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы тұрғын мас күйінде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Зарина Арман
Бөлісу: