Астаналық велошабандоз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

10 Маусым, 19:40 356

Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Астана қаласының велошабандозы күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астаналық Дмитрий Груздев ерлер арасындағы жекелей сында мәреге 50:20 секундта жетіп, екінші орынға ие болды.

Азия чемпионатына дайындығым жақсы өтті. Осы аралықта жаттығу жиындарынан өттік. Жеңіс маңдай термен келді, көп еңбектендік, жаттықтық, еңбек өз нәтижесін берді, - деді Дмитрий Груздев.

Айта кетсек, жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама аралас командалық эстафетаны алтынмен бастаған болатын. Құрама сапында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті.Қазақстандық велошабандоздар 40 км жолды 51 минут 08 секундта бағындырды.

12 маусымға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесіне 30 елден 450-ге жуық қатысушы жиналды.

Зарина Арман
Бөлісу: