Астаналық шахматшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

3 Шілде, 12:07 745

Белград (Сербия) қаласында 25 маусым күні басталған есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатына 30 елден 128 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, аталған додада елордалық Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар осал емес. Дегенмен «еңбек бәрін жеңбек»! Дейтұрғанмен жарыс әлі аяқталған жоқ. Ел намысын қолдан бермей, жаңа жеңіске ұмтылатын боламын, - дейді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Қожахметов.

Айта кетсек, байрақты бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: