Астанада 11 наурыз күнікей уақыттарда қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін. Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
«112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз;
Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар;
Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар;
Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел жолдың көрінуін қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;
Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» және «112» нөміріне хабарласыңыздар!