Астана қаласының құтқарушылар Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Қояндыда жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 1800 текше метр су сорылды және 6 тұрғын үйдің ауласынан судың бағыты бұрылды. Ал Державинск және Есіл қалаларында инертті материалдары бар 3650 қап дайындалып, 1800 қап төселді.
Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.