Астаналық оқушыларға есірткі саудасының алдын алу бойынша лекция оқылды

7 Наурыз, 02:15 301

Астанада есірткіге қарсы күрес бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Есіл ауданында полицейлер «Астана — есірткісіз қала» жоспарын жүзеге асыру аясында №24, №88 және №95 мектептерінде арнайы лекция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға есірткінің зияны мен оның заңда қарастырылған жауапкершілігі туралы айтып берді. Сондай-ақ есірткіні қолдану ғана емес, оны тарату да ауыр қылмыс екенін түсіндірді.

Оқушылар нақты мысалдар арқылы нашақорлықтың алдын алу жолдарын талқылап, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 

Айта кетейік, кездесуді Есіл ауданы әкімдігі мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары ұйымдастырды.

Асқар Таудай
Бөлісу: