Астаналық көрермендер «Күлбикенің» басқа қырын тамашалайды

21 Қазан 2022, 23:33 1699

«Астана Опера»  театрында балет классикасының жаңа интерпретациясы ұсынылады

Борокко дәуірінің көрнекті француз ертегішісі Шарль Перро «Күлбикені» шығарған кезде, ғасырлар өткеннен кейін оның шығармасы бойынша фильмдер түсіріліп, опера және балет қойылымдары қойылатынын ойламаған да болар. Алайда ғасырлар өткеннен кейін, хрусталь аяқ киім мен өгей қыз туралы туындысы қай кезде де көрерменінің көңіл төрінен орын алары сөзсіз. «Астана Опера» театры тағы да көрерменді классиканың жаңа интерпретациясымен таң қалдырып,  «Күлбикені»  жаңа қырынан көрсетті, деп хабарлайды El.kz. 

Балет тарихынан

«Күлбике» балетінің тарихы соғыс жылдарында басталды. Музыканы орыс композиторы Сергей Прокофьев 1940-1944 жылдар аралығында жасаған. Сонымен қатар спектакльдің өзі үлкен театр сахнасында 1945 жылы соғыстан кейін бірден қойылды. Либреттода «Спартак» және «Кавказ тұтқыны» сияқты көптеген танымал балет қойылымдарының авторы, әйгілі драматург Николай Волков жұмыс істеді. «Күлбике» хореографиясын Ростислав Захаровтың өзі қойды. Әрине балет КСРО-да үлкен даңқ пен жетістікке жетіп, кейіннен Еуропа мен әлемнің ең танымал сахналарына қойылғаны таңқаларлық емес еді.

Классикаға тағы бір көзқарас

«Күлбике» балеті хореографиясы жағынан ғана емес, музыкасы, костюмдері, декорациялары жағынан да классикалық шедевр болып саналады. Прокофьевтің музыкасы күрделі, көп мағыналы және әртүрлі ырғақты. Сондықтан балетті қою арқылы кез-келген театр емтихан тапсырғандай болады. Осы шығарманың негізін қалаушы авторларының дәстүрін сақтай отырып, «Күлбикені» барлық қыр-сырын көрсете отырып шығару оңай шаруа емес. Уақыттың өзгеруіне байланысты заманауи Опера театры тек классика ғана емес, дәлірек айтсақ, әрқашан классиканы ұстана бермейді. Түпнұсқаны ұстанудың керегі жоқ. Егер көрермен шоу сұраса, шоуды көрсету керек.

Балеттің қазіргі заманғы тарихы жаңа қойылымдарға толы болды. 40-шы жылдардағы табысты қойылымдардан кейін Маги Марен, Рудольф Нуреев, Кристоф Майо және басқалары  «Күлбике»  балетін жаңа форматта қойды. Осылайша «Күлбике» борокко стилінен бродвейге дейін өзгерді.

Аскар Дауренов
Бөлісу: