Астаналық екі азаматтан серозды менингит анықталды

24 Шілде 2023, 16:22 816

Елордада тыйым салынған жерде шомылған екі азаматтан серозды менингит анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың хабаралуынша, Жаз басталысымен халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғындарға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керектігі ескертіледі. Мамыр айынан бастап күнмен қатар су да жылиды. Сәйкесінше түрлі инфекциялар көбейе түсіп, жұқпалы аурулардың артуына алып келеді. Әсіресе, ашық су қоймалары мен субұрқақтарда. Рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары, - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз:

Маманның айтуынша, шомылу кезінде энтеровирустық инфекциядан басқа, ішек инфекциялары және А вирустық гепатитін жұқтыруы мүмкін.

Шомылу маусымы басталғалы екі астаналық рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, салдарынан серозды менингит жұқтырған. Өткен жылы осы кезеңде 6 адамнан серозды менингит анықталды, - дейді елорданың бас санитары

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордаға келген 12 шетел азаматынан қызылша анықталғаны хабарлан болатын.

Равиль Ашығали
Бөлісу: