Астаналық әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған

15 Маусым 2023, 12:45 1923

Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымы бойынша рейдтер жүргізді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жастағы әйелді анықтады. 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.

Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

EL.KZ
Бөлісу: