Астаналықтар спортпен тегін айналысады

29 Шілде 2022, 00:13 1905

Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.

Елордада "қолжетімді спорт" жобасы аясында тұрғындар үшін спорттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізіледі, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қолжетімді спорт" жобасы бойынша елорда тұрғындары фитнес/йогамен, скандинавиялық жүріспен, үстел теннисімен және каратэмен айналыса алады. Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.

Айта кетейік, спорт жаттығулары аптасына 2 рет қала саябақтарында өткізіледі. Бұл ретте қатысушылармен білікті жаттықтырушылар айналысады. Фитнес, жүгіру, каратэ және скандинавиялық серуендеу жаттығуларына тіркелудің қажеті жоқ, белгіленген уақытта кесте бойынша келе аласыз.

Бөлісу: