Астаналық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі 2018 жылды қорытындылады

23 Қаңтар 2019, 06:10 2250

Астана қаласындағы Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің жыл қорытындысына арналған отырысы өтті.

Кеңейтілген отырыста модератор ретінде сөз сөйлеген «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, Астана қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Алпейісов осы саладағы жұмысты күшейту қажеттігін, Кеңес мүшелері мен этномәдени орталықтар жұмысын бір арнаға жұмылдыру арқылы халықтың бірлігін нығайту қажеттігін атап өтті.

«Жаңа жылда ұйымдастырылып өткізілетін іс-шаралар өте көп, сондықтан жауапты жыл болмақ. Біз «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында, «Кедергіге жол жоқ» ҚХА әлеуметтік жобасын және басқа да жоспардағы іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет», - деді спикер.

Жиын барысында Астана қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің 2018 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мен ұсыныстары талқыланды.

Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясында бес Қоғамдық келісім кеңесі  жұмыс істейді: «Концерн «Цесна-Астык» ЖШС, «University Medical Centег» корпоративтік қоры, «Ақмола вагонжөндеу зауыты» АҚ, «Астана Су Арнасы» ҚКК және «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Астана орманы» ЖШС негізінде.  

Бөлісу: