Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді

26 Сәуір, 10:30 489

26 сәуірде, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. 

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: