Астанаға кірер жолдарға блокпост қажет пе – ІІМ басшысы жауап берді

31 Қаңтар, 14:17 1317

Мәслихат депутаты Азамат Айтхожин көші-қонды тежеу мақсатында Астананың кіреберісіне блокпост қояды ұсынған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттың ұсынысына жауап берді.

Біздің қалаға кіретіндерді жедел бақылап тұруға қауқарымыз жетеді. Заңбұзушылар туралы да ақпарат аламыз, бұл үшін күшіміз бен құралдарымыз бар. Сол себепті блокбекеттерге қажеттілік жоқ. Бұған дейін орнатылған блокпостарды біз алып тастадық, қазір негізгі жолдарда ғана қалды, - деді Сәденов мәжіліс кулуарында.

ІІМ қаланы жабудың қажеттілігі жоқ екендігін мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: