Ұлттық қауіпсіздік комитеті елордаға оңтүстік өңірлерден есірткі жеткізетін ірі арнаны жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы операция барысында Астанаға келе жатқан есірткі курьеры ұсталды. Оның көлігінен 45 кг гашиш және 312 кг марихуана табылды.
Қылмыстық топ мүшелерінен тағы 1,6 тоннадан астам марихуана мен 1 кг гашиш тәркіленді, – деп хабарлады ҰҚК.
Астанадан есірткілер солтүстік аймақтарда көтерме және бөлшектеп саудалау үшін тарату жоспарланған.