Астанаға Ауғанстаннан 210 адамнан тұратын делегация келді

2 Тамыз 2023, 11:11 1781

Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, делегацияны әуежайда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды. 

2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді. 

3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады.

Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: