Астанаға Ақмола мен Қарағанды облыстарының ТЖД күштері келе жатыр

19 Маусым 2023, 20:48 898

Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде алдын шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.

Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.

2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр.

Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ. 
          
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.

ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: