Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1 наурыз күні сағат 00.00 бастап республикалық маңызы бар «Астана - Ерейментау - Шідерты» тасжолының 16-200 шақырым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған.
Бұл – Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске.
Жолдың жабылуына қатты көктайғақ себеп болып отыр.
Одан бөлек, түнгі 00.00-де Астана-Қорғалжын тасжолының 19-124 шақырым аралығы жабылды.
Сонымен қатар 28 ақпан түнгі 23.15 бастап боранға байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1367-1258 шақырым аралығында Ленин кентінен Екібастұз қаласына дейінгі жолда бүкіл көлік түрлеріне шектеу енгізілді.
Еске салайық, бұған дейін екі өңірдегі жол учаскесінің ашылғандығы туралы жазған болатынбыз.