Астанадан Пхукетке тікелей рейс ашылды

23 Тамыз, 12:55 297

Air Astana 26 қазаннан бастап Астана мен Пхукет арасында тікелей қатынайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушыларды Airbus A321LR заманауи жайлы әуе кемесі жеткізеді. Жаңа әуе байланысы қазір қатынап жүрген Алматы-Пхукет-Алматы рейсіне қосымша ретінде қосылып отыр. Екі жаққа билет бағасы 334 144 теңгеден басталады, - делінген мәліметте.

Таиланд корольдігі Қазақстан азаматтарына елде визасыз жүру құқығын 60 күнге дейін ұзартқанын еске саламыз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: