Астана қаласынан Павлодарға бағыт алған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.
Павлодардағы Vita іздеу ұйымының Instagram желісіндегі мәліметіне сәйкес, 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова, оның 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұл және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанова 2025 жылғы 10 ақпанда жолға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.
Жоғалған азаматтардың сыртқы келбеті мен киімі:
Осы азаматтар жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер төмендегі нөмірлерге хабарласуы сұралады:
📞 Катерина: +7 747 615 55 63
📞 Светлана: +7 777 334 82 01
📞 Полиция (102)