Италияның NEOS әуе компаниясы Астанадан Миланға рейстер ашады. Алғашқы ұшақ Қазақстанның астанасынан 8 шілдеде ұшады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әуежайының мәліметінше, рейстер Boeing 787 Dreamliner ұшағымен орындалады.
Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының пайда болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізеді, – делінген хабарламада.