Елордада өңірлік тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда. Олар әр демалыс күндері – сенбі және жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада қазан айының соңына дейінгі әрбір демалыс күндері облыстардағы тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Олар Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкелер мына кесте бойынша өтеді:
- 9-10 қыркүйек – Атырау және Жамбыл облыстары
- 16-17 қыркүйек – Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары
- 23-24 қыркүйек – Алматы және Жетісу облыстары
- 30 қыркүйек және 1 қазан Ақтөбе мен Қостанай облыстары
- 7-8 қазан – Павлодар және Абай облыстары
- 14-15 қазан – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары
- 21-22 қазан – Қарағанды және Ұлытау облыстары
- 28-29 қазан – Ақмола облысы
Жәрмеңкелерде сіз жаңа піскен көкөністерді, жемістерді және басқа да табиғи өнімдерді тікелей қазақстандық фермерлерден сатып ала аласыз. Ал бағасы нарықтан арзан.