«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық аясында Бейбітшілік және келісім саябағында 100 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен еліміздің колледждерінен іріктелген 100 үздік студент қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттау, жастардың экологиялық сана-сезімін арттыру және жасыл аумақтарды көбейту.