Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион сүріледі

14 Тамыз 2023, 14:26 1558

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның орнына жаңа нысан салынады. Бұл туралы Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 2022 жылы жүргізілген техникалық сараптамаға сәйкес, қазіргі стадион трибунасы апатты жағдайда екені нақтыланд. Құрылыс конструкцияларының тозуынан нысан адамдар үшін қауіпсіз емес. Бұл тұрғыда қазіргі стадионды бұзып, жаңа стадион салу жоспарланып отыр, - деді ол.

Айтуынша, стадион орнына салынатын жаңа ғимарат 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Жоспарланған стадион УЕФА-3 стандарты бойынша салынады, оның сыйымдылығы 4,5 мың адамды қамтиды. Жобалау-сметалық құжаттама аяқталуға жақындады. Жоба аясында сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланады. Онда нормативтік құрылыс мерзімі 18-24 айдан кем болмайды. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған. 2025 жылы осы нысанда ірі жарыстар өтеді деп ойлаймын, - деді басқарма басшысы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: