Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елордалық ТЖД, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарының келген өрт сөндірушілер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастыруда.
Өрт басталғалы бері авиация 74 рет көлемі 222 тонна су төкті. Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.
Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.