Астанадағы мектепте әйел лифт шахтасына құлап кетті

15 Маусым, 14:07 517

Астанада құтқарушылар лифт шахтасына құлаған әйелге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Алматы ауданындағы мектептердің бірінде 1986 жылы туған әйел адам лифт шахтасына құлап кеткен.

ТЖМ мәліметінше, үш тізелі баспалдақтың көмегімен 40 жастағы әйел көтеріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: