Астанадағы көшеге Сұлтан Бейбарыс есімі берілді

24 Ақпан 2023, 13:53 1157

Елордада Ұлы қолбасшы Бейбарыс Сұлтан атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі, белгілі тарихшылар және қала тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтты.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл тек ел аумағында емес халықаралық деңгейде де кешенді жоспар бекітілді.

Ел тарихында ерекше күн. Еңселі елордамыздың төрінде баһадүр бабамыз Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 2 шақырымнан аса үлкен көше ашылып отыр. Алдағы уақытта кешенді іс-шаралар басталады деген нақты жоспарымыз бар. Ұлы бабамыздың есімін ұлықтау - біздің ортақ міндетіміз деп білеміз. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінде министрліктің бұйрығымен 600 іс-шара өткізіледі деген жоспар құрылды, – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

EL.KZ
Бөлісу: