Астанадағы көпқабатты үйдің лифтін қиратып кеткен әйел ұсталды

4 Қаңтар, 12:54 1934

Елордада тұрғын үй кешеніндегі лифтті қиратқан әйел анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде 1 қаңтарда тұрғын үй кешеніндегі жаңа лифтті әйелдің теуіп, кабинаны жұдырықпен ұрып, тырнап, қабырғаларды түкірген видеосы тараған еді. Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады.

33 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін ӘҚБтК-нің 434 баптың 1-бөлігі, 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: