Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

23 Желтоқсан 2023, 14:54 1434
Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астананың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
 

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: