Астанадағы халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан хоккейшілері анықталды

Кеше, 23:43 369

1-3 мамыр аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусь командаларына қарсы ойнайды.

Бапкерлер штабы турнирге қатысатын құрамды жариялады:

Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань – ВДВ», Рязань, Бүкілресейлік хоккей лигасы)

Қорғаушылар: Степен Александров («Торпедо», Өскемен), Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Владимир Волков, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артём Лихотников («Хумо», Ташкент), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ).

Асқар Таудай
Бөлісу: