Астанадағы Есіл өзені арқылы өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды

15 Қазан, 19:32 461

Елордадағы LRT құрылысы аясында салынған Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап.

Аталған көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.

Құрылымның төменгі жағы арка ретінде, ал жүріс бөлігі темірбетон плитасынан тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені арқылы өтетін қолданыстағы автомобиль көпірінің жанында орналасқан. Құрылымды жасау кезінде су деңгейі және аймақтың климаттық жағдайы ескерілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: