Астанадағы экоакцияға қатысушылар арасында ерекше жүлделер ойнатылады

24 Сәуір, 22:14 686

Астана әкімдігі елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын 27-28 сәуір күндері өтетін «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлыққа қатысуға шақырады. Осы апта «Жасыл аймақ» ұранымен өтіп, ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Тұрғындар тарапынан қызығушылықты ескере отырып, олардың конкурсқа қатысуға көбірек уақыты болуы үшін қатысу мерзімі ұзартылды. Осылайша, байқау қорытындысы 30 сәуірде шығарылады. Байқауға кез келген қатыса алады.

Ол үшін: Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылу, Instagram-дағы экоакциядан түпнұсқа виде жариялау және жарияланымға #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерін белгілеу қажет (пост ретінде жариялануы керек, stories емес). Кез келген жерде, соның ішінде аулаңызды тазарту кезінде де видео түсіріп, жариялауға болады.

Сондай-ақ, қала кәсіпорындары, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т. б.) өкілдерін, еріктілерді және т. б. экоайлыққа қатысуға шақырып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: