Астанадағы дауыс беру: сайлау учаскелеріндегі ұзын-сонар кезек және келушілердің көптігі

6 Қазан, 12:27 333

Таңертеңнен бастап Астанадағы сайлау учаскелерінде елорда тұрғындарының белсенділігі жоғары. Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін және референдумда дауыс беру үшін кезекте тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары атом электр станциясын салуға немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан, сайлаушылардың ағыны Астананың барлық учаскелерінде байқалады.

Учаскелерде музыка қосвлып тұр, адамдар бүкіл отбасылармен дауыс беруге барып жатыр. Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге бел буған жастардың саны да едәуір көп.

Айта кетейік, Астанада 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: