5 сәуір күні Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Турнирде 10 жекпе-жек болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басты жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) арасында өтеді. Отандасымыз IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Кеш бағдарламасында өзге де танымал қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері жоспарланған. Атап өтер болсақ - Сұлтан Заурбек - Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев - Кейн Гарднер, Балауса Мұздыман - Мария Тереза Пинили жұптары бар. Сондай-ақ, бұл кеште ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар және өзбекстандық Баходүр Жалолов рингке шығады.