Астанадағы Бөгенбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады

28 Тамыз, 16:35 517

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғары қабатын төсеу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлім етті. Бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: