Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған азамат екі айға қамауға алынды

20 Маусым 2023, 13:07 931

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты елордадағы банкте адамдарды кепілге алған күдіктінің екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді.

2023 жылғы 18 маусымда қаруланған ер адам Kaspi банк бөлімшесін басып алып, Kaspi активтерінің барлығын мүгедектігі бар балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті.

2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген сот мәлімдемесінде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: