Астанадағы халықаралық әуежайы маңында қамыс өртеніп, ұшақтар қою түтінде ұшып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамтыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады», - деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.
Еліміздің Азаматтық авиация комитеті өртке қатысты түсініктеме берді.