Астанадағы альпинистер өлімі: фирма басшысы қамауға алынды

14 Қараша 2023, 12:02 907

Құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша жұмыс беруші қамауға алынды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді.

Ведомство мәліметінше, Полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында жұмыс беруші жеке кәсіпкерлік басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы жеке кәсіпкерлік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды, – делінген ведомство хабарламасында.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: