19 Мамыр 2016, 05:10
18 мамыр – халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жаңғыртылған жәдігерлер» атты көрме ашылды.
«Жаңғыртылған жәдігерлер» деп атауы айтып тұрғандай көрмеге кескіндеме, графика, қыш, киіз және тоқыма бұйымдары, ағаш, тері, сүйек және металдан жасалған мәдени құнды жәдігерлер қойылды.
Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мырза музей қызметкерлерін халықаралық музейлер күнімен құттықтап, озат қызметкерлерге арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етті.
«Жаңғыртылған жәдігерлер» көрмесіне қойылған құнды жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің консервациялау және қалпына келтіру қызметінің мамандары асқан төзімділік, кәсібилікпен жүзеге асырған. Ұлттық музейдің консервациялау және қалпына келтіру қызметі 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері қарай 500-ден астам құнды жәдігерлер жаңғыртылды. Қызмет мамандары кескіндеме, графика, қыш, киіз және тоқыма бұйымдары, ағаш, тері, сүйек және металдан жасалған мәдени құндылықтарды консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Көрмеге қойылған жәдігерлердің ішінен зергерлік бұйымдарды, ағаштан, былғарыдан және металдан жасалған тұрмыстық заттарды; киім, кілем-киіз, қыш және фарфор бұйымдарын да көруге болады. Атап айтсақ, ж.с.д. XIII–XII ғасырларға жататын білезік, XX ғасырдағы астау, үккіштер, Құран Кәрім кітаптары, белгілі суретшілердің картиналары, зергерлік бұйымдар, аяқ қаптар, басқұрлар мен тұскиіздер бар.
Халықаралық музейлер күні туралы
Бұл атаулы күн Халықаралық музейлер кеңесінің Мәскеу мен Ленинградта өткен конференциядағы ұсыныстары негізінде 1977 жылдан бері аталып өтіліп келеді, деп жазады kazmuseum.kz сайты.
Қызық дерек:
Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Бауыржан ЖУАСБАЕВ