28 Қараша 2014, 06:45
26 қарашадан бастап 28 қарашаға дейінгі аралықта «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен Астана қаласының «Көрме» көрме орталығында XII Қазақстандық Халықаралық «Білім және ғылым-2014» көрмесін өткізеді.
Көрменің мақсаты барлық білім беру деңгейлерінің, замануи оқыту технологияларының, оқу жабдықтарының, жаңа оқу бағдарламаларының және жаңа ұрпақ оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұны саласындағы жетістіктерді көрсету, жас мамандарға өз білімдерін іс жүзінде қолдануға ықпалды көмек көрсету болып табылады.
Көрмесінің жұмысына Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Ұлыбританияның, Германияның , Үндістанның, Швейцарияның , Оңтүстік Кореяның 100-ден астам алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдары мен мекемелер қатысады. Дәстүрлі түрде көрменің жұмысына Қазақстанның озық жоғарғы оқу орындары: Назарбаев Университет (Астана қ.), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) қатысады. Көрмеге алғашқы рет Академик С.П. Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университеті (ұлттық зерттеу университеті), Ижевск мемлекеттік медициналық академиясы, П.Г.Демидов және тағы да басқа отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындары қатысты.
Көрменің шеңберінде презентацияларды, көрмеге қатысушылардың семинарлары кіретін іскерлік бағдарлама көзделген. 26 қарашадан бастап 27 қарашаға дейін «Көрме» ҚО-ның конференц-залында «Теміржол көлігіндегі білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету. Мақсаттары мен перспективалар» («Теміржол көлігіндегі білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық» Мәскеу қ.), «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы өзекті үрдістер» (Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті), «М.В. Ломоносов» атындағы ММУ Қазақстандық филиалындағы дайындау бағыттары және оқыту ерекшеліктері туралы» тақырыптарына презентациялар жүргізілді.
85 мемлекетте танымал еуропалық электроника және аксесуарлар бренді «Білім және ғылым-2014» көрмесінде интерактивті оқытуға арналған MultiBoard 65” дисплейін ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы көрме жұмыс істейтін күндері ҰБТ-ға өзіндік бір дайындық болып табылатындықтан, жастардың үлкен тәжірибелік қызығушылығын тудыратын тегін байқама тестілеуін жүргізеді. Қатысушылар туралы толық ақпарат көрменің ресми каталогында орналастырылған.