Астанада жылыту маусымы қашан басталады

5 Қыркүйек, 10:55 519

Астанада ауа райы салқындап, кейбір тұрғындар жылытқыш құралдарын қосуға мәжбүр. «Қазгидромет» мәліметінше, түнде сынап бағанасы 5 градусқа дейін түседі. Осы орайда қала әкімдігі жылу қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы 10 градус және одан төмен болғанда басталады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: