Астанада жылу беріле бастады

23 Қыркүйек, 11:52 427

Астанада қаладағы 139 әлеуметтік нысан – мектептер, балабақшалар мен поликлиникаларда жылу берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталатынын еске салды.

Алайда әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.), - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: