Астанада жыл сайын 40-50 мың жаңа жұмыс орны ашылады

23 Тамыз 2023, 12:39 921

Жыл сайын елордада 40-50 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, Астанада жұмыссыздық деңгейі – 4,5%.

Ол жылдан жылға төмендеп келеді әрі тұрақты деп айтуға болады. Біз қабылдаған шаралар жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға ықпал етеді. Жыл сайын Астанада 40 мыңнан 50 мыңға дейін жаңа жұмыс орны әрі жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Индустриалды паркте жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мұның бәрі жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін сақтауға септігін тигізеді. Бізге күн сайын жұмыс берушілерден жүздеген өтініш түседі. Олар жаңа қызметкерлер іздейді, - деді директор өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Равиль Ашығали
Бөлісу: