Астанада жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық анықталды

26 Қараша, 16:56 329

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың бес ауданында тұрақты негізде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар басталғаннан бері 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша 109 факт анықталды.

Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының қызметкерлерімен және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кешкі немесе түнгі уақытта болу жағдайларын анықтау мақсатында көшелер мен ойын-сауық орындарын тексереді.

Сарыарқа астаналық ауданындағы рейд барысында мобильді топ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 17 хаттама толтырып, 6 кәмелетке толмаған жасөспірім арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Есіл ауданында мониторингтік топтың қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде заңды өкілдеріне айыппұл түрінде тартылған 62 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталама құқық бұзушылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабының 3-бөлігі) 2 001 адамға 30 274 003 теңге сомасында айыппұл салынды. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Байқоңыр ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 57 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, жергілікті полиция басқармаларына жеткізілді. Бұл балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тап болды. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды өз мекемелеріне жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұра ауданының аумағы бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде мынадай құқық бұзушылықтар анықталды: 48 жасөспірім сағат 23.00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүрген, бұл 442-бап бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соқтырды; 437-бап бойынша түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 437-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалды; 2 ата-ана 127-бап және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Рейд барысында Алматы ауданында мобильді топ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болған 6 жағдайды анықтады. Оның қорытындысы бойынша ата-аналарға хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 442-бабы бойынша 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруге тыйым салынады, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынады.

Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: