Астанада жыл басынан бері 40 вандал қамауға алынды

Кеше, 20:51 156

Астанада өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар тобы табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есіл ауданында 21 жастағы азамат «Bar Wien» мекемесінің шыны есігін әдейі теуіп, бүлдіріп, материалдық шығын келтірді. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 18 сәуір күні сағат 12:55 шамасында 39 жастағы азамат «LPG Дистрибьюшн» ЖШС Астана филиалына тиесілі үш сызықты индикатор модулін (газ құю станциясының дисплейі) әдейі қолымен ұрып, зақымдады. Оның заңсыз әрекетінен келген залал 125 000 теңгені құрады. Полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК бойынша жауапқа тартты.

Естеріңізге сала кетейік, елорда прокуратурасын үйлестіру кезінде «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында полиция органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, вандализмге қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

«Заң және тәртіп» нарративі аясында полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына бөтеннің мүлкін қасақана бұзу немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық іс-әрекет болмаса, 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынын ескертіп отыр. 

Биыл Астанада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда, оның аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.

2025 жылдың басынан бастап 69 адам жауапқа тартылып, оның ішінде 44 адам қамауға алынды. Сол сияқты 25 адамға жалпы сомасы 3 955 440 теңге айыппұл салынған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: