Астанада жыл басынан бері 205 рұқсат етілмеген полигон жойылды

21 Тамыз, 19:08 482

Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 139 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қала және оған іргелес аумақ бойынша 205 учаске жойылып, 139 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Мысалы, Алматы ауданы бойынша 115 учаске жойылып, 47 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (6 528 рейс).

Байқоңыр ауданында 10 учаске жойылып, 7 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Есіл ауданы бойынша 15 нүкте жойылып, 19,4 мың тонна қоқыс шығарылды.

Сарыарқа ауданы бойынша 28 стихиялық қоқыс орны пысықталды, олардан 30 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Нұра ауданында жойылған 37 нүктеден 36 мың тонна қоқыс шығарылды.

Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан.

іKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты шығару және рұқсат етілмеген орындарға шығару фактілері белгіленеді, құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Жыл басынан бері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 8875 құқық бұзушы анықталды, оларға 136 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар қоқысты рұқсатсыз түсіргені үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: