Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы Астана қаласындағы Qazaqstan орталық концерт залында жеке ән кешін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол сахнада жанды дауыста ән шырқап, ұлымен бірге өнер көрсетті. Сондай-ақ шығармашылық кешіне қолдау білдіріп, әрі туған күнімен құттықтай келген Жеңіс Сейдоллаұлы, Дәулет Тұрлыханов, Медеу Арынбаев сынды ағаларына алғысын білдірді. Және бұл жеке шығармашылық ән кешін анасының құрметіне арнайтынын айтты.